Бодипозитив

Адамдарды өз түрін, дене бітімін жақсы көруге, басқарларды сырт келбетіне қарап алаламауға, сынамауға үндейтін қозғалыс. 




Термин — ағылшынның body (дене) және positive (позитив, жағымды) деген сөздерінің қосындысы.


Бұл қозғалысқа ХІХ ғасырда Англиядағы әйелдердің корсет тағудан бас таруы мен ХХ ғасырдағы фәтшеймиңге қарсы тенденция түрткі болды. 1996 жылы Конни Собчак пен Элизабет Скотт Positive Body Movement деген қозғалыстың негізін қалады, «Менің денем — менің шаруам» деп ұрандатты. 


Бодипозитившілер адамның келбеті мен салмағы мынандай болуы, былай киінуі керек, әйел аяқ жүнін қырып жүруі, ал еркек қырмауы керек деген сияқты стреотиптерге, токсик сұлулық стандарттарына, бодишеймиң (сырт келбетті сынау), эйблизм, лукизм, фәтшеймиңге қарсы шығады. Адамдар денесін жақсы көруге, басқарлардікімен салыстырмауға, түріне бола кем сезінбеуге, арықтаймын деп денсаулығын құртып алмауға тиіс дейді. 


Мұндай үрдісті сынайтындар да бар, әрине. Сыншылар бодипозитив адамдарды тіпті күтінбейтіндей жалқау қылады, салмағын бір қалыпта ұстамағандар денсаулығын құртып алады дейді. 


Ал сіз бұған не дейсіз?


 


26/07/2021 14:53 3815 0

26/07/2021
14:53 3815 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление