Эйблизм

Адамды денсаулығы мен физикалық мүмкіндіктеріне қарап алалау, шеттету, мазақтау, ол туралы әдепсіз әзілдеу.




Мысалы: 



  • сау адам норма, ауруы, мүгедектігі бар адамдарды нормадан ауытқандар деп есептеу;

  • мүгедектігі барларға арналған пандустың, зағиптарға арнайы жолдың болмауы, жүріп-тұруына жағдай жасалмауы;

  • оларды қоғамның толыққанды мүшесі санамау; 

  • оларды «ақымақ», «басың істемейді», «даун» деп атау;

  • адамды денсаулығына қарап аяу да эйблизм. 


Эйблизмнің көп таралған түрлерінің бірі — мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысқа тұра алмауы. Қазақстанда еңбек ете алатын мүгедектердің тек 23,3 %-ы жұмысқа тұрған


2006 жылы БҰҰ мүгедектігі барлардың құқығы туралы конвенция шығарды. Оған қол қойып, мақұлдаған үкімет өз елінде мүгедектігі барларға жағдай жасауға міндеттеледі. Қазақстан бұл құжатты 2015 жылы ратификациялаған. 


Бірақ заңгер, құқық қорғаушы Роман Реймердің сөзінше, елде 2018 жылға дейін мүгедектігі барларға сайлау учаскелерінде жағдай жасалмай келген.


 


15/03/2021 15:01 4881 0

15/03/2021
15:01 4881 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление