Легитимдік

Латынша «legitimus» заңға сай, заңды деген мағына береді. 


Халық өзін билеп отырған билікті заңды, әділ сайланған деп білсе, міне, легитимдік деген осы. 




Басында «легитимдік» сөзі «заңдылықтың» синонимі болған. Бірақ қазір саясаттануда легитимдік — халықтың билікті мойындауы, ал заңдылық — қоғамдағы кез келген әрекеттің заңға сәйкес болуы. 


Легитимдіктің үш түрі бар: 



  • Дәстүрлісі адамдардың билікке бағыну керек, бұдан қашып құтыла алмайсың деген сеніміне сүйенеді. 

  • Харизмалық — ел жетекшісіне адалдық, оның қабілетіне сенім арту. 

  • Рационал (демократиялық) — адамдардың билікті билікке алып келетін процестерді (сайлау, тағайындау) заңды деп білуі. 


Елдегі билік легитим екенін сайлау және т.б. көрсетеді. 


Тәуелсіз Қазақстандағы ешбір сайлауды халықаралық ұйымдар, дүниежүзі қоғамы әділ өтті (заңды) деп танымады. ЕҚЫҰ мен басқа халықаралық бақылаушылар сайлауларды қорытындысы бұрмаланды, елде оппозиция мен сөз бостандығы жоқ, халық ресми қорытындыға наразылық білдіре алмайды деп жиі сынайды. 


1991 жылы бірінші президент сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевтан басқа кандидат болмады.Бір қызығы, сол сайлау Қазақстан тәуелсіздігін жариялағанға 15 күн қалғанда өткен еді, бірақ тәуелсіздік алғаннан кейін қайта сайлау болмады. Оған қоса, экс-президент жеңіске жеткен барлық сайлау кезектен тыс өтті.


 


22/12/2020 14:52 5750 0

22/12/2020
14:52 5750 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление