Әдет

Мұсылман халықтарының діни емес құқық нормалары. Мұндай нормалар жиынтығы қазақтарда да болды. 




Әдеттегі құқық нормалары XVIII ғасырға дейін қағазға түспей, тек ауыздан ауызға тарап отырды. Тәуке хан Қазақ хандығы ыдырап кете ме деп қорқып, жаңа заң жүйесін ойлап тапты: «Жеті жарғы» заң жинағын шығарды. Бұл құжатта қағазға түспеген әдеттер — «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолында» айтылған әдет-ғұрыптар бар. 


Әдетті көбіне сот билігін жүргізген би, шешен мен хан дау шешерде қолданған. 


Әдет көшпенділер өмірінің түрлі саласын реттеген. Мысалы, қылмыс жасағандар құн төлеген не өлім жазасына кесілген, туыстардың жеті атаға толмай отбасын құруына (экзогамияға) тыйым салынды. Әкесіне қол көтерген баланы сиырға теріс отырғызып масқаралаған, ал өзіне дауыс көтерген қыздың жазасын шешесі берген. 


Әдет ислам кең тарамаған, шариғат соты жоқ не болса да беделі төмен, дінге кірсе де бұрынғы дала заңдарынан бас тартпаған жерлерде қолданылған.


28/06/2021 15:10 3841 0

28/06/2021
15:10 3841 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление