Рақымшылық

Мемлекеттің «кешіруі». Адамдарды түрмеден босатқаны жайлы әңгіме өрбіген кезде «рақымшылық» деген сөзді жиі естиміз. Мұндайда мемлекет кей тұтқынды бостандыққа шығарады немесе жазасын жеңілдетеді. 




Рақымшылық тәртіп бойынша көптеген мемлекетте, соның ішінде Қазақстанда түрлі мереке немесе мерейтойға орай жасалады. Бұл үшін парламент әр жолы комиссия құрады және арнайы акт жариялайды. Әдетте, ұсақ қылмыс жасағандар мен мерзімі аяқталуға жақын қалғандарға кешірім беріледі.


Қазақстанда 9 рет рақымшылық жарияланған (1991, 1994, 1996, 1999, 2000, 2002, 2006, 2011 және 2016 жылдар). 


ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл толуымен тұспа-тұс келген соңғы рақымшылық кезінде абақтыдан 1 500-ге жуық адам шығып, 20 мыңнан астамының жазасы жеңілдетілді. 


Рақымшылықтың басқа да түрлері бар. Мысалы, салықтық және несиелік. Мұндай жағдайда адамдардың немесе бизнестің мерзімі өткен төлем бойынша пайызы, өсімі және айыппұлы «кешіріледі».


 


29/07/2020 11:19 4403 0

29/07/2020
11:19 4403 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление