Оппозиция

Идеологиясы елді (аймақ, қаланы) басқарып отырған партия, әкімшілік не басқа да органның идеясына керағар партия я қозғалыс. 




Оппозиция жүйелік және жүйеге қарсы деп екіге бөлінеді. Жүйеге қарсысы деп әдетте оңшыл және солшыл радикал партиялар мен топтарды айтады. Олардың идеялары елде қалыптасқан саяси құндылықтарды жоққа шығарады, ал өкілдері билікте отырғандар заңсыз сайланды не тағайындалды деп олардың беделін түсіруге, саяси жүйені өзгертуге талпынады. 


Жүйелік оппозицияға көбіне солшыл және оңшыл центрист партиялар жатады. Олар билік құрған жүйені қостаса да, соны іске асыратын әдіс-тәсіл, амалдарды құптамайды. 


Оппозицияның саяси жүйеге әсер етуінің түрлі жолы бар. 


— Саяси: үкіметті кез келген жерде, көбіне БАҚ, медиада сынау, сайлау кампаниялары, министр не әкімге сенімсіздік вотумын, президентке импичмент жариялау. 


— Зорлықсыз наразылық: митиң, шеру, ереуіл, акциялар. 


— Зорлықшыл: қарулы бүлік, билікті күштеп басып алу, партизан не азаматтық соғыс, теракт. 


Оппозиция авторитар жүйеде қуданалып отырады, ал олардың барын әлдеқайда либерал, демократиялық орта, керісінше, құптайды. 


Қазақстанда билікке қарсы шығып, күресіп жүрген бірқатар саяси топ бар, бірақ бізде жүйелік оппозиция жоқ. 


Үкімет өзгеше ойлайтындарды түрлі желеумен, мысалы, экстремист, араздықты қоздырды деп қудайлайды: түрмеге қамайды, бас бостандығын шектейді, құрғысы келген партия, қозғалысын тіркемейді не тыйым салынған ұйымдар тізіміне енгізеді. 


Қазақстан парламентінде парламент оппозициясы деген бар. Оған Қазақстан халық партиясы мен «Ақ жол» партиясының депутаттары кіреді. Мәжілісмен Азат Перуашев мұндай жүйе парламент көпшілігі саналмайтындардың өкілетін арттырады дейді.


18/10/2021 16:11 3578 0

18/10/2021
16:11 3578 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление