Бір мемлекеттің қарулы күштерінің басшысы. Әдетте бұл лауазымға мемлекет басшысы ие болады.
Қазақстанның қарулы күштері деген — Қорғаныс министрлігі, оның ішінде Құрлықтағы әскер, Әуе және Теңіз күштері.
Қазір Қазақстанның жоғарғы бас қолбасшысы — Қасым-Жомарт Тоқаев. Ол:
- әскери саясаттың басты бағыттарын бекітеді;
- Қарулы күштерді төтенше жағдайға жұмылдыруға, ел аумағы мен халықты сыртқы қауіптен қорғауға, шекараны күшейтуге, саяси тұрақтылықты сақтауға қолдана алады;
- қолбасшыларды тағайындап, қызметінен алып тастай алады;
- елде не өңірлерде соғыс жағдайын енгізе алады;
- Сенаттың мақұлдауымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысын тағайындап, қызметінен босатады.
Пікірлер жоқ.