Мемлекеттік сатып алу

Мемлекеттің бюджет қаржысына тауар, қызмет не жұмысты сатып алуы.




Мемлекет деп өзін мемлекет қаржыландырып отырған мекемелер мен органдарды: әкімдікті, мемлекеттік мектептерді мен университеттерді, ауруханаларды, ұлттық компанияларды және басқаны айтып отырмыз.


Тауар дегеніміз — кез келген нәрсе: азық-түлік, киім-кешек, жиһаз, көлік және тағы басқа. Ал қызмет — қоқыс шығару, көлік жүргізу, шара ұйымдастыру, тағысын тағы. Жұмыс деген — ғимарат салу, жөндеу, мемлекет істеуге тиіс кез келген жұмыс.  


Мемлекет оларды меморгандардан да, жеке компаниялар мен кәсіпкерлерден де сатып ала алады. 


Қазақстанда мемлекеттік сатып алу басқа елдердегідей ашық өтуге тиіс — оны кім және қалай ұйымдастырып отырғанын, кім ұтып алғанын, қанша ақша жұмсалғанын халық білуі керек. Сол үшін оны өткізетін арнайы сайт я портал болуы қажет. Бізде ол — goszakup.gov.kz. 


Кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер үшін мемлекеттің мол қаржысын иеленудің бір жолы — осы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, елдегі әр алтыншы жемқорлық фактісі мемлекеттік сатып алуда тіркеледі екен


2016 жылы мемлекеттік сатып алу көлемі 1,4 триллион теңге, 2019 жылы 5,8 триллион теңге болған.


Мемлекеттік сатып алу және оның Қазақстанда қалай өтетіні туралы мына жерден толығырақ оқыңыздар.


25/09/2020 15:21 4491 0

25/09/2020
15:21 4491 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление