Редакция саясаты
masa.media — түсіндіретін журналистика жобасы.
Біздің материалдар:
- артық немесе маңызы аз ақпарат бермейді;
- түсініксіз əрі шиеленіскен жағдайларды түсіндіреді;
- құқыққа қатысты ақпаратты жеңіл, түсінікті тілде береді;
- терминдердің мағынасын адам тілінде түсіндіреді;
- аналогия мен салыстырмаларды көрсетеді;
- көрсеткіштер мен басқа да деректер береді;
- визуализациясы молырақ;
- фактілер мен оқиғалар хронологиясы бар.
Редакцияның қағидалары:
- Сараптама болуы міндетті: əр материал тиісті сала сарапшысының ұйғаруынан кейін шығуға тиіс;
- Редакция ашықтығы: жарияланғаннан кейін материалдарға өзгеріс енгізілетін болса, олардың «өзгеріс енгізілді» деген белгісі болады. Ал материал өшірілсе, редакция себебін оқырмандарға жария етеді;
- Алдын ала пішіп-кеспеу: masa.media материалдарды дайындағанда адам құқықтары мен ашықтыққа сүйенеді;
- Толеранттық: masa.media үшін барлық адам тең және біз алалаудың кез келген түріне қарсы шығамыз;
- Алдын ала қамдану пен бей-жай қарамау: редакция қоғаммен белсенді түрде араласып, оның жақсаруына үлес қосады;
- Жасырын жарнама жоқ: барлық жарнама арнайы таңбамен белгіленеді;
- Тəуелсіздік: компания ешқандай ірі қаржы, өндіріс топтарына тиесілі емес. Мемлекеттен тапсырыс алмайды, саяси партияларға жақтас емес, болмайды да;
- Мүдделердің қарама-қайшы келуі: егер автор мүдделері оның коммерциялық қызметіне, жеке өмірі немесе отбасындағы жағдайына, партияның өкілі болуына байланысты бір-біріне қайшы келсе, бұл факт материалда көрсетіледі.
- Кінəсіздік презумпциясы: редакция əркімді сот оны кінəлі деп таппайынша кінəсіз деп есептейді.