Сайт туралы
masa.media — Қазақстанның саясат, құқық жəне заңнама жүйесін казақша жəне орысша түсіндіретін басылым.
Миссиямыз — еліміздің, Қазақстанның жарқын болашағы үшін жастарды ағарту жəне олардың білімін арттыру.
Біз саясаткерлердің түсініксіз тілде сөйлеуінен шаршадық. Біз жастарды саясатқа тек сөз жүзінде араластыруынан шаршадық. Біз заңсыздыққа, бассыздыққа көз жұма бергеннен шаршадық.
Біз білім деген қалқан мен қаруымыз болсын дейміз. Біз өз құқығын білетін және соны өте маңызды санайтын буын болғымыз келеді. Біз жарыссөз бен пікірталас алаңын құрғымыз жəне айналамызға ықпал еткізіміз келеді.
Мақсатымыз — барлық азаматтың — IT маманы, студент, кəсіпкер, аспаз, сəулетші, үй шаруасындағы əйел, таксиші, музыкант, блогер жəне т.б. — заң мен құқықты үзілісте, дастархан басында, қыдырғанда жəне чаттарда қызу талқылауына, кейін соларды өмірінде пайдалана алуына ықпал ету.
Аудиториямыздың өзегі — 14–35 жастағы азаматтар. Елдің болашағы солардың қолында. Оны солар ғана өзгерте алады.Олар — айналасына бей-жай қарамайтын, белсенді, жаңа білім, жаңаруға құштар азаматтар.
Айыппұлды қалай жоюға болады? Жақсы адвокатты қалай тапса болады? Көшеде полицей тоқтатса, не істеу қажет? YouTube-та кімге жазылғаныңыз жөн? Саяси мемдерді кім жəне не үшін жасайды? Қалай ерікті болуға болады? Осы жəне өзге де сұрақтарға біз жауап береміз.
Біз құлағыңыздың түбінен маса сияқты ызыңдаймыз.
masa.media-ны оқыңыздар.