Лукизм

Ағылшын тілінің look (түр, келбет) дегенінен шыққан. 


Лукизм — адамды сырт келбетіне қарап алалау, келеке қылу, тіл тигізу.  Мұндай дискриминацияға көбіне қоғам ойлап тапқан сұлулық стандарттарына сай келмейтін адамдар ұшырайды. 


Термин алғаш рет ХХ ғасырдың 70-ші жылдарында толық адамдар құқығын қорғайтын қозғалыс аясында пайда болған. 


Сұлулық деген салыстырмалы ұғым болғанына, уақыт өте келе өзгеріп отыратына қарамастан көпшілік жұрттың ішкі жан дүниесі не қабілетіне емес,  бет-әлпетіне қарайды, мінеп-сынайды, тіпті тіл тигізіп жатады. 


Лукизм қоғамымызда кеңінен таралған: жұмыста да, мектепте де, университетте де, көшеде де — мұндай кемсітуге  кез келген жерде ұшырауға болады. 


Бірақ соған, мұндай тендециясының адам өміріне үлкен ықпал ететіне қарамастан лукизмге онша көп назар аударылмайды. 


Лукизмге қарсы бодипозитив деген қозғалыс бар. Бодипозитив — салмағы, түрі, қандай да бір физикалық ерекшелігіне бола өз-өзінен жиіркенбеу, ұялмауға, басқаларды сырт келбетіне қарап алаламауға үндейтін қозғалыс. 


24/05/2021 14:15 3964 0

24/05/2021
14:15 3964 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление