Хомо («бірдей, ұқсас») мен фобия («қорқу, үрей») деген сөздерден біріккен.
Хомофобия — ЛГБТИК+-терді сексориентациясы «дәстүрге сай» болмағаны үшін жақтырмау, жек көру, шеттету, алалау, зорлық-зомбылық көрсету, жалпы, оларға деген негатив көзқарас.
Бұл термин алғаш рет 1960-жылдары АҚШ медиасында қолданыла бастады. Бірақ мағынасы қазіргіден біраз өзгеше еді: хомофобия деп хетеросексуал еркектердің өздерін жұрт хомосексуал деп қала ма деген үрейін айтқан.
Социологтар хомофобияның үш түрі бар дейді: институттық, жеке және ішкі. Институттық дегені — мемлекет деңгейіндегі хомофобия. Мысалы, хомосексуал қарым-қатынасқа заңнама деңгейінде тыйым салу. Қазақстанда бұған тыйым салынбаған, десе де, хомосексуалдар бір-бірімен некелесе алмайды.
Жеке хомофобия — гей не лесбияндарды ашық жек көру: тиісу, ұрып-соғу, балағаттау.
Ішкісі — өзінің хомосексуалдық не бисексуалдығына деген негатив көзқарас. Мысалы, мен ондай емеспін деп сексориентациясын жоққа шығару, өз-өзінен жиіркену.
Хомофобия көбіне консерватив көзқарастағы және діншіл ортада кең тараған. Қазақстанда да солай. Оралда бір гейді әкесі Ресейге апарып, хомосексуал болуын қояр деп миына ота жасатқан, үйге қамап қойған. Мамырда әйел мен ЛГБТИК+ құқығын қорғайтын «Феминитаның» Шымкенттегі жиынына бір топ ер адам кедергі болды.
Жақында блогер Мерей Жолшы Instagram парақшасында ЛГБТ пропагандасы деп «поп-ит» балалар ойыншығын тауда өртеп жіберген видеосын жариялады.
Кәсіпкер, Алматы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген оны қолдап, видеоны өз парақшасында бөлісті. Ол да түрлі түсті балалар ойыншығы ЛГБТ-ның үгіт-насихаты дейді.
Пікірлер жоқ.