Фәтшеймиң

Ағылшынның fat (май, толық) мен to shame (ұятқа қалдыру, ұялту) сөздерінің қосындысы. 


Фәтшеймиң немесе фәтфобия — толық адамдарды алалау: жұрт көзінше сынау, келеке қылу, «арықта, спортпен айналыс, диетаға отыр» деп қыспаққа алу және тағы басқасы.




Осы дискриминацияны қолдайтындар «артық салмақ денсаулыққа зиян, толық адамдар сүйкімсіз, еркіншек болады» дейді. Бұған арықтықты ғана норма деп көрсететін медиа, сән индустриясы, жарнама мен әлеуметтік желілер түрткі болып отыр.  


Кей адам толық адамдарды міней отырып оларды арықтауға, салауатты өмір сүруге үгіттейміз, мотивация береміз деп ойлайды. Бұл — жансақ пікір. Керісінше, адам өз-өзін жегідей жеп, одан сайын көп тамақтанады не ашығады. Ал мұнысы депрессия, тамақтану тәртібінің бұзылуы, артық салмақ пен дисморфофобияға (қандай бір физикалық ерекшелігіне бола өз-өзінен жиіркену, ұялу) себеп болады. 


Айтпақшы, фәтшеймиңге ерлерден гөрі әйелдер көп ұшырайды. Себебі қоғамда  «әйел әдемі, арық болуға тиіс» деген түсінік әлі күнге дейін бар. 


Қазір фәт-феминизм мен бодипозитивтің арқасында толық болу біраз да болсын ұят болудан қалды. Бодипозитив — салмағы, түрі, қандай да бір физикалық ерекшелігіне бола өз-өзінен жиіркенбеу, ұялмауға, басқаларды сырт келбетіне қарап алаламауға үндейтін қозғалыс.


26/05/2021 14:47 3653 0

26/05/2021
14:47 3653 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление