Мәдени құқық

Адам құқықтарының бірі. Онсыз адам рухани дами, қоғамның мәдени өміріне араласа алмайды. 




Қазақстан Конституциясының 19-бабы мәдени құқыққа кепілдік береді: «Әркім өз ана тілінде сөйлей, төл мәдениетін ұстана, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдай алады». 


Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактіде мәдени құқыққа мыналар жатады: 


— білім алу және беру еркіндігі;


— шығармашылық еркіндігі;


— қоғамның мәдени өміріне араласу;


— ғылымның пайдасын көру;


— мәдени мұраларды көру, білу, бару құқығы.


Бұл құжатқа қол қойып, бекіткен ел азаматтарының бұл құқықтарын қорғауға тиіс. Оған Қазақстан да қол қойып, ратификациялады. Мұндай халықаралық құжаттарға неге қосылу керегін мына жерден толығырақ оқыңыз. 


Бұрын саяси құқық не екенін түсіндіргенбіз. Оқи отырыңыз.


29/07/2021 16:15 7057 0

29/07/2021
16:15 7057 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление