Геноцид

Бір халықты ұлты, діні мен нәсіліне бола толықтай не ішінара қырып жою. Грекше «genos» (нәсіл, тайпа не ұлт) және латынша «cide» (өлтіру) деген сөздерден шыққан. 




1948 жылы БҰҰ Бас Асссамблеясы «Геноцидті болдырмау мен оның жазасы туралы» конвенциясын қабылдады. Оған сай геноцид адамдарды қырып жою ғана емес, сонымен бірге: 



  • адам саны өсуін алдын алу;

  • адамдарды азаптау;

  • бір ұлт, дін не нәсілге жататын балаларды күшпен басқаларына беру;

  • адамдардың қырылып қалуына жағдай жасау. 


Қазір халықаралық құқыққа сай геноцид адамзатқа қарсы қылмыс саналады және мұндай қылмыс жасағандарды халықаралық соттар жауапқа тартады. Мысалы, Халықаралық қылмыстық сот. 


Геноцидке ірі мысалдар: 



  • 1915 жылы Осман империясының армяндарды қырып-жоюы. Шамамен 1 миллиондай адам қаза тапты.  

  • Фашист Германияның жебірей, сыған, гейлерді концлагерьлерге тығып, жаппай өлтіруі. Тарихта бұл геноцид Холокост деген атаумен белгілі. 6 миллион көз адам жұмды. 

  • 1990 жылдары Руандада хутулардың 800 мың тутсиді өлтіруі.


19 қаңтарда АҚШ Қытайдың ұйғыр, қазақ, қырғыздарға қатысты саясатын геноцид деп таныды. Онда 2017 жылдан бері мұсылман азаматтар «қайта тәрбиелеу» лагерьлерінде өмір сүріп келеді. Қытай билігі осылайша экстремизге бейім адамдарды түзеп жатырмыз дейді. 


20/01/2021 14:35 7379 0

20/01/2021
14:35 7379 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление