Мемлекет

Қоғам болып саяси ұйымдасудың бір түрі. Иерархиясы бар. Қоғамның әр түрлі саласын қадағалау және басқаруға арналған ережелері болады. 




Белгілері:


– Территориясы мен халқы, шекарасы мен азаматтығы бар;


– Ішкі және сыртқы егемендігі, яғни тәуелсіз және мәртебелі ресми билігі бар. Мысалы, халыққа көбіне қылмыстық немесе сепаратистік топтардың сөзі өтетін болса, оның егемендігі толыққанды емес деген сөз;  


– Мемлекеттік аппараты, яғни билік органдары мен мемлекеттік мекемелері бар; 


– Билік мәжбүрлейді. Бұл дегеніміз мемлекет белгілі бір шешімді орындау үшін күш қолданады деген сөз. Мысалы, әскер, полиция, сот; 


– Салықты белгілеп, жинау және ұлттық валютаны басып шығару құқы тек оған тиесілі; 


– Мемлекеттік рәміздері бар: елтаңба, ту, әнұран;


– Конституция негізгі заңы бар. Басқа заңдар соған негізделіп жасалады. Осындай белгілері жоқ қоғам мемлекет деп танылмайды. Мысалы, Ислам мемлекеті немесе ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым).


 


29/07/2020 11:49 5229 0

29/07/2020
11:49 5229 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление