Мемлекетке қатысты шешімдерді ресми органдар мен халық емес, ықпалы мықты байлар шығаратын саяси жүйе. Грек тілінен аударғанда «байлар билігі» дегенді білдіреді.
Плутократия — олигархияның бір түрі. Ал олигархия дегеніміз — билікке белгілі бір топ (байлар, әскерилер, мемлекет басшысының туыстары) ие болатын не қатты әсер ете алатын саяси жүйе.
Бұл термин көбінесе ертеде қолданылған. Ежелгі Грекия, Ұлыбритания және АҚШ-та билікке тек белгілі бір мүлкі барлар ғана сайлана алған. Осылайша мемлекеттік билік тек ауқатты адамдардың қолында болған.
Қазір барлық дерлік ел мұндай жүйеден ресми түрде бас тартты. Десек те, дамушы елдерде мемлекет шығаратын шешімдерге белгілі бір топтардың ықпалы басқаларына қарағанда басым.
Пікірлер жоқ.