Туған жерге деген махаббат, адалдық, сол үшін барын салу, тіпті өзін құрбан ету қағидасы. Ал осы қағиданы берік ұстанатындарды патриоттар дейді.
Патриоттар елінің тарихы мен мәдениетін, жетістіктерін мақтан тұтады, оның кез келген мүддесін қорғауға дайын тұрады.
Патриотизмнің түр-түрі бар: мемлекеттік (мемлекет деген махаббат), қалалық, этникалық және ультрапатриотизм (ұлтшылдық).
Зерттеушілер патриоттарды «көзсіз» және азаматтық деп екіге бөледі.
«Көзсіз» патриоттар туған жерін өлердей жақсы көреді, өзгелерге ол туралы сын айтқызбайды. Зерттеушілер Роберт Шатц, Эрвин Стауб пен Ховард Лавин мұндай адамдар елдің саяси өміріне сирек араласады, өте ұлтшыл әрі өзге топтан шыққанның бәрін жау көреді, сыни пайымы төмен болып келеді дейді.
Ал азаматтық не конструктив патриоттардың, керісінше, сыни ойлау деңгейі жоғары болады әрі саясатқа белсенді араласады, елін дамытып, жақсартуға атсалысады.
Пікірлер жоқ.