Азаматтық құқық

Адам құқықтарының бір түрі. Онсыз адам өмірін, ар-ожданы мен пікір бостандығын қорғай алмайды.




Азаматтық және саяси құқық туралы халықаралық пактіге сай


— адамның өмір сүру, еркін жүріп-тұру құқығы бар;


— оны құлдыққа салуға болмайды;


— негізсіз ұстап, қамауға, азаптауға болмайды;


— адам өзгеден өзіне, отбасына қатысты ақпаратты жасыра алады;


— барлығы сот алдында тең; 


— адам пікірін айта, дін ұстана алады. 


— әркім меншікке ие бола алады;


— ешкімді ұлт, жыныс, тілі, діні мен басқа белгілеріне қарап алалауға болмайды және тағы басқа. 


Бұл құжатқа қол қойып, бекіткен ел азаматтарының осы құқықтарын қорғауға тиіс. Оған Қазақстан да қол қойып, ратификациялады. Мұндай халықаралық құжаттарға неге қосылу керегін мына жерден толығырақ оқыңыз.


Бұрын саяси және мәдени құқық не екенін айтқанбыз. Оқи отырыңыз.


23/08/2021 15:27 4071 0

23/08/2021
15:27 4071 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление