Егемендік

Французша «souveraineté» жоғары билік деген мағына береді. Әдетте егемендік деп мемлекет егемендегін айтса да, бұл сөздің бірнеше мағынасы бар. 




Мемлекет егемендігі — мемлекеттің сыртқы саясатта тәуелсіз болуы, ал ішкі саясатта мемлекеттік биліктің жоғары тұруы. Егемендік — тәуелсіз мемлекеттің ажырымас бөлігі. Оны басқа бір мемлекет тартып алуына халықаралық құқық тыйым салады. 


Ұлт егемендігі — бір ұлттың өз таңдауын (мемлекет құрамынан шығып, тәуелсіз болу не басқа мемлекеттің қарамағына өту және тағы басқасы) өзі жасау құқығы. Бұл — халықаралық құқықтың басты қағидаларының бірі. Алайда бұл түсінік мемлекет тұтастығы оның келісімінсіз бұзыла алмайды деген қағидаға қарама-қайшы келеді. Бұған мысал: Каталонияның Испаниядан, Шотланданияның Ұлыбританиядан шығу талпынысы. 


Халық егемендігі — мемлекеттік биліктің халыққа тиесілі болуы. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясында халық сөзі үкімет билігінің негізі болуға тиіс деп жазылған. Азаматтар өз еркін әділ сайлау арқылы білдіреді. Қазақстан Конституциясында да «биліктің бірден бір бастауы — халық» делінген.


 


14/01/2021 18:33 5792 0

14/01/2021
18:33 5792 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление