Мемлекет қоғамның барлық саласына, әсіресе экономикасы мен әлеуметіне араласып, барлық қарым-қатынасты қадағалап отыруы керек деген идеология.
Мемлекеттік монополия, мемлекеттік дін, мемлекеттің тауар бағасын реттеп отыруы, жеке меншіктің мемлекет қолына өтуі — осының бәрі — этатизм.
Этатизмге сүйенетін мемлекет тоталитар не авторитар бола бермейді. Авторитаризм мен тоталитаризм — этатизмнің абсолют түрлері. Ондайда билік қоғамның барлық саласына азаматтардың жеке өміріне қол сұға отырып араласады.
Этатизмнің минимал түрі бар — мемлекеттің минимал көмегі деп аталады. Мұндайда мемлекет өз азаматтарының қарым-қатынасына тек оларды агрессиядан құтқару үшін, яғни полиция, әскер және сот ретінде араласады. Сондықтан қазір барлық елді этатист елдер десек болады.
Этатизмге қарама-қарсы келетін саяси идеологиялар: либертариандық, анархизм.
Пікірлер жоқ.