Референдум

Республикалық референдум — Қазақстан Республикасында болатын Конституция мен конституциялық заңдарға және т.б маңызды оқиғаларға байланысты жүзеге асырылады. Референдум елдің барлық аймағында болады. 




1995 жылдың 2 қарашасында қабылданған ҚР №2592 заңына сәйкес, Конституция, конституциялық заң қабылдау немесе оған өзгертулер мен толықтырулар енгізілген жағдайда референдум өткізуге болады. 


Референдумға сотталып, жазасын өтеп жатқан азаматтар мен өздігінен жүріп-тұруға қауқарсыз адамдардан өзге 18 жасқа толған барлық қазақстандықтар қатыса алады. 


Референдум туралы заңның 27 бабына сейкес, бюллетенге сұрақ пен жауап нұсқалары жазылады. Егер референдумға бір уақытта бірнеше мәселе шығарылған болса, онда әр сұраққа дайындалған бюллетеннің түстері әртүрлі болуы тиіс.


Бюллетен екі тілде және белгілі бір аймақта тұрып жатқан көпшілік халықтың тілінде болуы тиіс.


Референдумда қабылданған заң (заңда басқа мерзім көрсетілмесе) дауыс беру қорытындысы жарияланған уақытта күшіне енеді.


Референдумда қабылданған шешім президент немесе билік органдарының қандай да бір құжаттық растауын қажет етпейді.


Азаматтардың референдумда дауыс беруіне кедергі жасау, күн тәртібіне шығарылған сұрақтарға байланысты үгіт-насихат жүргізу, дауысты қате санау, құпия дауыс беру мен республикалық референдум заңын бұзу қылмыс болып табылады.


29 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға түзетулер енгізуге байланысты референдум өткізуді ұсынған. Бұл Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы үшінші референдум. 


06/05/2022 15:11 3164 0

06/05/2022
15:11 3164 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление