Феминизм

Жоқ, бұл «ерлерге қарсы қозғалыс емес». Бұл — әйелдер құқығын қорғауға бағытталған, оларды жынысына бола кемсітуге қарсы саяси қозғалыс. 




Феминизмді атақты публицист Мэри Шир былай түсіндіреді: «Феминизм — әйелді адам деп есептейтін радикал көзқарас». 


Сайлау, білім алу, жұмыс істеу, жылжымайтын мүлік пен жоғары лауазымға ие болу, болашақ жарын өзі таңдау не мүлдем некелеспеу құқығы — мұның бәрі әйел құқығы үшін күрестің нәтижесі.  


Феминистер бір ғасырдан астам уақытта көп нәрсеге қол жеткізді. Дегенмен әйелді алалаумен әлі күнге дейін күресіп келеді. Мысалы, тұрмыстағы зорлыққа, жыныстық зорлық-зомбылыққа, объективацияға, жалақының тең төленбеуіне мен әйелдердің саясат пен бизнеске араластырылмауына қарсы шығады. 


Феминизмнің бірнеше түрі бар: либерал, интерсекционал, марксист, радикал және тағы басқа. Бірақ мұндай айырмашылықтарға қарамастан, барлық феминист «әйел — құқықтары қорғалуға тиіс адам» деген оймен келіседі. 


Бұл қозғалыстың басты мақсаттарының бірі — әр әйелдің өз жолын өзі таңдап, қалауынша өмір сүре алуына жағдай жасау. Ол үй шаруасындағы адам ба, кәсіпкер ме, баласыз я көпбалалы ма, маңызды емес. Бастысы — бұл оның таңдауы болсын.


 


22/09/2020 14:02 4865 0

22/09/2020
14:02 4865 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление