Кәсіподақ

Жұмысшылар еңбек шарттарын жақсарту үшін құратын ұйым. 




XVIII ғасырдың аяғында индустриализация қарқынды дамып жатқан тұста Еуропада көптеп зауыт пен фабрикалар ашыла бастады. Десе де, еңбек шарттары әлі реттелмеген еді: жұмысшылар күніне 10–15 сағат істейтін, мардымсыз жалақы алатын. Білдектерді қолдану оңай болғандықтан, зауыт пен фабрикаларда көбіне әйелдер мен балалар еңбек ететін.


Еңбек шартын жақсартып, құқықтарын қорғау үшін жұмысшылар кәсіподақ құра бастады. XIX–ХХ ғасырларда соның арқасында олар мына жеңілдіктерге қол жеткізді: 


— Жұмыс күні 8 сағатқа дейін қысқарды;


— Бала еңбегі жойылды;


— Зейнетақы және басқа да әлеуметтік ақылар пайда болды.


КСРО-да кәсіподақтарды жұмысшылар емес, билік құрып, бақылайтын. Еңбек шарттарын жақсартудың орнына кәсіподақтар шипажайға жолдама беретін, мәдени іс-шаралар өткізетін ұйымға айналды. Ал тәуелсіз кәсіподақ құрам дегендер репрессияға ұшырайтын. 


Қазақстанда 2014 жылдан бері кәсіподақтар туралы заң бар. Ол бойынша сот заңсыз деп таныған кәсіподақтар ереуіл өткізе алмайды. 2019 жылы Халықаралық еңбек ұйымы «Қазақстан кәсіподақ құрам дегендердің құқығын бұзады, оларды қудалайды» деп сынаған еді.


30/04/2021 15:55 3731 0

30/04/2021
15:55 3731 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление