Вето

Мемлекет басшысының мемлекеттік орган (парламент, сот) шешімдеріне тыйым салуы. 




Абсолют және кідіртпелі түрі бар. Абсолют вето құқығына ие президент кез келген шешімді бұғаттай алады және бұл тыйымды ешкім алып тастай алмайды.


Ал мемлекет басшысы тек кідірітпелі вето салатын болса, оны парламент немесе басқа мемлекеттік орган жоя алады. 


Қазақстанда президент кідіртпелі вето жариялай алады. 2011 жылы бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілетін 2020 жылға дейін ұзарту үшін референдум өткізу қажет деген парламент шешімін бұғаттады. Депутаттар бұл тыйымды алып тастады. Десе де референдум өткен жоқ.


11/09/2020 15:53 5483 0

11/09/2020
15:53 5483 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление