Социализм

Латынның socialis — «қоғамдық», «әлеуметтік» дегенінен шыққан. 


«Социализмнің» анықтамасы көп. Оны терминнен гөрі «Әркім мүмкіндігіне қарай, әркімге мұқтаждығына қарай» деген саясатты білдіретін тұжырымдама деуге келеді. 




Жалпы мағынасында бұл мемлекет пен қоғам құрылысының азаматтары бірінен бірі асып түспейтін тең құқылы жүйесі дегенді білдіреді. 


Социализм орнаған қоғамда мемлекет экономика мен өндірісті мейлінше бақылайды, ірі өнеркәсіп орындары жаппай жекенің қолына өтпейді, ресурстар тиімді бөлінеді, мысалы, салық тек медицина мен білім беруге, халықтың басқа да қажетіне жұмсалады. 


Коммунизмнен айырмасы — мемлекет меншігінің жаппай жекеге өтуін түгел шектемейді. Социализмді болуы мүмкін емес идеология деп есептейтіндер бар. Дегенмен тарихта утопияны шындыққа айналдыруға тырысқан мемлекеттер болды, жарқын мысалы — Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО). Бүгінде Куба, Вьетнам мен Қытай өздерін социализм қағидаларын ұстанатын мемлекет ретінде көрсетеді.


Социал-демократ мемлекеттер де бар, олар туралы бөлек айта жатамыз.


 


23/09/2020 15:13 6424 0

23/09/2020
15:13 6424 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление