Клептократия

Ежелгі грек тілінен аударғанда «ұрылар билігі» дегенді білдіреді. 


Клептократия — өз қамы, қалтасы үшін билікті пайдаланатын, мемлекет ақшасын жымқырып, тіпті халыққа қызмет етіп жатырмын деп сыңай танытпайтын алаяқтар басқаратын үкімет.  




Клептократтар көбіне бүйтеді: 



  • Мемлекет ақшасын жеу үшін өтірік компаниялар құрады;

  • Жымқырған ақшаны басқа елдердің, әсіресе салығы аз елдердің банктері мен офшорларда сақтайды;

  • Сонда белгілі бір актив сатып алып, сатып жібереді. Осылай ақшасы заңды жолмен келгенін дәлелдегендей болады. Зерттеушілер клептократтар көбіне жылжымайтын мүлік сатып алады дейді. 

  • Кейде жымқырған ақшасын беделін жуып-шаю, жағымды имижін қалыптастыру және мал-мүлкі қайдан келгенін зерттейтін журналистерді қыспаққа алу үшін жұмсайды. 


Клептократия көбіне халқы саяси белсенді емес, бюджеті ашық емес, демократия деңгейі төмен елдерде етек жайған. 


Клептократия мен сыбайлас жемқорлық саласын зерттеуші Томас Мейн Қазақстан байлығының жартысы небәрі 162 адамның қолында дейді. «Азаттық радиосының» зерттеуінде Назарбаев әулеті Еуропа мен АҚШ-та кемі 785 миллион долларға зәулім үйлер сатып алған делінеді.


22/06/2021 13:44 3200 0

22/06/2021
13:44 3200 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление