Офшор

Ағылшынның offshore — «арғы бетте» деген сөзінен шыққан. Шетел компанияларының бизнесін тіркеу үшін қолайлы жағдай ұсынатын елдер осылай аталады.




Мысалы, жеңілдетілген салық немесе одан мүлдем босату, салық есебін оңай тапсыру, мемлекетке есеп беруден босату, бизнес қожайындарын жарияламауға рұқсат беру. Офшор деп шетелде сондай шартпен ашылған ұйымдарды да айтады. 


Офшорда ақша сақтау қылмыс емес, бірақ ондай бизнес көбіне заңсыз мақсатқа пайдаланылады: қаржы жымқыру, жемқорлық, алаяқтық. Айталық, өз елінде кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынғандықтан шенеунік офшорда бизнес ашуы мүмкін. Дегенмен офшор аймағының заңнамасы бойынша шетел азаматтары бизнесін өз еркімен емес, жергілікті заңды тұлға арқылы тіркей алады. Сол себепті офшор ұйымдарында бір заңды мекенжай көрсетілуі мүмкін. Жергілікті компаниялар сондай заңды делдалдар арқылы табыс тауып, өз елінің бюджетін толтырады. 


Әйгілі офшор аймақтары — Кипр, Ағылшын аралдары архипелагы, Мальта, Панама.


Global Financial Integrity халықаралық сарапшыларының мәліметінше, 2019 жылы Қазақстаннан 167 миллиард доллардан астам ақша офшорға заңсыз шығарылған. 




08/10/2020 13:42 4708 0

08/10/2020
13:42 4708 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление