Сатисфакция

Латын тілінен аударғанда «қанағаттанушылық» дегенді білдіреді. Мысалмен түсіндіріп көрейік, А мемлекеті Б мемлекетінің басшысына немесе ресми өкіліне тіл тигізді; су немесе әуе көлігіне шабуыл жасады; мемлекеттік рәміздерін қорлады; аумағына шабуыл жасады немесе абайсызда шығын келтірді делік. 


Мұндайда Б мемлекеті А мемлекетінен шығынды ақшамен емес, басқаша өтеуін талап етуі мүмкін. А мемлекеті кінәсін мойындаса, Б мемлекетінің талабын орындайды: істеген ісіне өкініп, кешірім сұрауы не кінәлілерді жазалауы мүмкін. Міне, сатисфакция деген осы. Ал А мемлекеті шығынды ақшалай өтейтін болса, бұл компенсация деп аталады.  


Мұндай өтемақыны азамат та мемлекет өз құқығын бұзғанда одан халықаралық сот арқылы талап ете алады. Сатисфикацияға мысал: 2011 жылы Ауғанстанға әуеден соққы берген НАТО бомбалау кезінде 16 бейбіт азаматтың қайтыс болуына байланысты кешірім сұрады.


29/10/2020 14:43 6056 0

29/10/2020
14:43 6056 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление