Гендерцид

Ағылшынның gender (жыныс, гендер) және cide (өлтіру) сөздерінің қосындысы. 


Гендерцид деген — адамдарды жынысына қарап өлтіру. Мені ертең қыз емес, ұл асырайды деп жасанды түсік жасау, бір халықтың ұрпағы, соғысар азаматы болмасын деп ерлерді жастайынан өлтіру — мұның бәрі гендерцид. 




Бұл терминді алғаш рет Америка феминисі Мэри Әнн Уоррен өзінің «Гендерцид: жынысына қарап таңдаудың салдары» (1985) кітабында жазып көрсеткен.  


Гендерцидтің екі түрі бар: фемицид (әйелдерді өлтіру) пен андроицид (ерлерді өлтіру). 


Фемицидтің ең көп тараған түрі — селектив аборт, яғни жынысына қарап баланы алып тастау. The Economist журналының дерегінше, соның кесірінен 100 миллион қыз бала дүниеге келмеген.  


Қазақстанда басқа көп елдегідей гендерцидке қатысты толық статистика жоқ. БҰҰ-ның мәліметінше, елімізде жылына 400 әйел отбасындағы зорлық-зомбылықтан көз жұмады.


23/04/2021 16:08 3945 0
Автор: masa.media

23/04/2021
16:08 3945 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление