Империализм

Әскери күшін өзге елдерге ықпал ету үшін қолдануды көздейтін мемлекет саясаты немесе сондай басқару жүйесі. Латын тіліндегі imperium — билік, үстемдік дегенді білдіретін сөзден шыққан.




Империализмнің көрінісі: өзге мемлекетке тиесілі аумақты басып алу, өзге халықтарды отарлау, саясатта, экономикада өзге елдерге бақылау жүргізу, қысым көрсету.


Біздің заманымызға дейінгі 27 жылдан 476 жылға дейін Рим империясы болды.


1721–1917 жылдары Ресей империализм саясатын жүргізді. Еуропа елдері ХХ ғасырдың басына дейін Африка мен басқа да құрлықтардағы елдерді отарлады.


Батыс елдері Кеңес Одағын да империя деп қарастырды, ал Кеңес Одағының өзі кезіндегі Ресей патшалығы мен нацизм үстемдік еткен Германия империализмін жойдық деп есептеді.


Жаңа дәуірде өзге елдерге ықпалын жүргізгісі келетін саясат державаларға әлі де тән. Айталық, дүниежүзі саясаттанушылары Қытай экспансиясы туралы жиі айтады, Ресей мен Түркияның одақтас елдері сыртқы саясатта сол екі мемлекеттің ықпалынан шыға алмайды.



24/02/2021 16:11 4556 0

24/02/2021
16:11 4556 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление