Ксенофобия

Өзге топтан шыққан адам я нәрсені жат, қауіпті деп қабылдау. Мысалы, өзге ұлт өкілінін, басқа дін ұстанатынды, нәсілі басқаны жақтырмау. 




Ксенофобтар жұртты «біз» және «олар» деп екіге бөлуге, өзін өзгеден артықпын деп санауға құмар. 


Бұлай бөлінудің түр-түрі бар: нәсілшілдік, трайбализм (руға бөліну), шовинизм, антисемитизм, синофобия, хомофобия, қазақфобия, орысфобия және тағы басқа. 


Басқа «фобия» сияқты ксенофобияның арты көбіне зорлық-зомбылыққа ұласады.


Ксенофобияға ұшырағандар тұрмыс, жұмыс, оқу мен саясатта алаланады. Мысалы:


— Нацист Германияның антисемитизм саясаты; 


— 1990 жылдарға дейін Оңтүстік Африкада ақ нәсілділер байырғы халық өкілдеріне мемлекеттік қызметке сайлануға мұрша бермеді; 


— Ұлтаралық қақтығыстар; 


— Шешенстанда 1900–2005 жылдар аралығындағы болған өзге этникадан тазалау. 


— Хомофобия мен сексизм. 


Барлық дерлік елде ксенофобияға тыйым салынған. Қазақстан Конституциясында былай делінген:


«Ешкімді шыққан тегі, лауазым және мүлік, жыныс, нәсіл, ұлт, тіл, діни көзқарасы, наным, тұратын жеріне не өзге де жағдайына қарап алалауға болмайды».


28/10/2021 18:29 3842 0

28/10/2021
18:29 3842 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление