Монархия

Мемлекетті басқару түрі. Монархия елдердің басшысы патша, патшайым, хан, шейх, сұлтан болады. Билік сайлау арқылы емес, мұрагерлікпен беріледі. 




Оның екі түрі бар: абсолют және конституциялық. Абсолют монархияда әміршінің құзыреті шексіз, яғни оның қолында заң шығарушы, атқарушы және сот билігі болады. Мысал ретінде араб елдері (Біріккен Араб Әмірлігі, Оман, Катар, Сауд Арабиясы) мен Ватиканды айта аламыз. 


Конституциялық монархияда бәрі керісінше: әмірші ел билей алмайды. Оның құзыреті заң арқылы шектелген. Екі түрі бар: парламент және дуалист. 


Парламент монархияда патша немесе патшайым тек көрнекі роль атқарады, ел атынан салтанатты жиындарға қатысады, заңдарды бекітеді, парламент пен үкіметке әмірі өтпейді. Мысалы, Ұлыбритания, Австралия, Бельгия, Испания және тағысын-тағы.


Дуалист монархияда әміршінің өкілеті көбірек. Ол парламентті тарата, оның шешіміне тыйым (вето) сала алады, үкімет оған есеп береді. Бұл монархия түрі Кувейт, Монако, Иордания мен Бахрейнде бар.


27/04/2021 16:25 3537 0

27/04/2021
16:25 3537 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление