Холокост

Екінші дүниежүзі соғысы кезінде Германия мен ол жаулап алған жерлерде тұрған жебірейлерді жаппай қудалау, қырып-жою. 




 «Холокост» сөзі грек тілінің ὁλοκαύστος — «өртеп жіберу» деген сөзінен шыққан. Ерте заманда адамдар малды тұтастай өртеп құрбандыққа шалатын еді. Басында Холокост деп Осман империясының армяндарға қарсы геноцидін айтса, қазір фашистік Германияның жебірейлерді қырып-жоюын айтады. 


Жебірейлерді қудалау Адольф Хитлер Германия басшылығына 1933 жылы келгенде басталды. Ал Екінші дүниежүзі соғысы кезде фашистер оларды қырып-жоя бастады. Ғалымдар 6 миллиондай адам, яғни Еуропа жебірейлерінің үштен екісі көз жұмды дейді. 


Басында оларды геттоға қамап, жаппай атқан еді, ал 1941–1945 жылдары Освенцим, Треблинка, Бухенвальд концлагерьлеріне тықты. Ондай концлагерьдің 20-дан астамы болған. Оларды лагерьге қамай отырып нацистер «Жебірей мәселесін түбегейлі шештік» деген. 


Онда тұтқындар құлдыққа жегілді, оларға түрлі медэксперимент жүргізілді. Әр лагерьде өліктерді өртейтін газ камералары мен пештер болған. Освенцим (Аушвиц) — сол лагерьлердің ең атақтысы: онда 1 миллионнан аса жебірей көз жұмған. 


Нацистер жебірейден басқа поляк, сыған, гейлер, мүгедектер мен Ехоба куәгерлерін де қудалады. 


27 қаңтар — Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күні. Дәл осы күні 76 жыл бұрын кеңес әскері Освенцим концлагерін жаулап алған еді. 


27/01/2021 16:21 4619 0

27/01/2021
16:21 4619 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление