Популизм

Саясаткерлердің азаматтар алдына шығып, олардың көкейкесті мәселелерін тез әрі оңай шешіп берем деп уәде беруі. Мысалы, инфляцияны тоқтатамын, жемқорлықты жоямын, теңдік орнатамын деп. 




Термин XIX ғасырда АҚШ-та фермерлер мүддесін қорғайтын полулистік (халықтық) партия құрылғанда пайда болған деседі. 


«Популизм» сөзі 2016 жылы АҚШ президентін сайлау алдында ел аузынан түспеді. Президенттіктен үміткер Дональд Трампты кей адам популист деп атады. Себебі оның сайлауалды ұрандары, уәделері утополиялық, яғни іске аспайтындай көрінді. Десе де, Трампты қолдайтындар көп болып, ол президент болды.  


Саясаткерлер популизмді адамдарға ұнау, олардың сенімі мен қолдауына ие болу, осылайша билкке келу үшін қолданады. Әрине, билікке келгім келеді деп тура айтпайды: олар әдетте «халық пен елдің қамын ойлаймын» деп жар салады. 


Популистер фактілерді бұрмалап, адам эмоциясына әсер еткісі келеді. Популизмді адамдар өтпелі кезеңдерде, дағдарыс, халық өзгеріс пен реформа күткен кезде жиі қолданады. Бұл — универсал тәсіл, оны оңшылдар да, солшылар да өз пайдасына асырады. Популизмді қолданып саясаткерлер халыққа уәде берсе де, оның көбін орындамайды.


 


06/11/2020 14:51 4925 0

06/11/2020
14:51 4925 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление