Экоцид

Ежелгі грек тілінде «эко» деген — үй, ал cide ағылшын тілінінен өлтіру деп аударылады. 


Экоцид — жануар мен өсімдіктерді жаппай қыру не қырылуына жағдай жасау, су мен ауаны ластау, экологиялық апатқа түрткі болған кез келген әрекет. 




Бұл термин 1970 жылы АҚШ Вьетнамдағы соғысқа араласқанда пайда болған еді. Жұрт Уашиңтонның соғыста 2 миллион гектар тропикалық орманның жойылуына түрткі болған химиялық зат — дефолиант қолданғанын сынады. 


Қазір халықаралық экобелсенділер мен құқық қорғаушылар экоцид Халықаралық қылмыстық сот қарайтын қылмыстар тізіміне қосылсын деп талап етіп жүр. Бұл тізімге әзірге геноцид, адамзатқа қарсы қылмыс, соғыстағы қылмыс пен әскери агрессия кіреді. 


Десе де, бірнеше мемлекетте экоцид жасағандар қылмыстық жауапқа тартылады. Қазақстанда экологиялық апатқа түрткі болғандар 15 жылға дейінгі мерзімге қамалады әрі азаматтықтан айырылады.


21/09/2021 15:44 4870 0

21/09/2021
15:44 4870 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление