Промульгация

Президенттің заңға қол қойып, оны ресми БАҚ арқылы халыққа жариялауы.  




Мәжіліс заң қабылдағаннан кейін оны Сенат құптап, президентке қол қоюға жібереді. Мемлекет басшысы бір ай ішінде қол қойып, ресми ақпарат құралында (журнал, газет, сайт) жариялайды. Қазақстанда барлық заң, акт парламент, Ақорда, үкіметтің ресми сайты, републикалық газеттер мен Adilet.zan.kz сайтында жарияланады. 


Мемлекет басшысы заңмен толықтай немесе оның бап, тармақтарымен келіспесе, оны парламантке қайтара алады, оған қандай өзгеріс қажет екенін айта алады. Кейін парламент депутаттары оны қайтадан талқылап, дауыс береді. Дауыс беруге президент өкілдері қатысады.


 


11/05/2021 14:43 2880 0

11/05/2021
14:43 2880 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление