Кворум

Жиналыс, отырыс пен сайлауды заңды деп тану үшін соларға қатысуы керек адамдар саны. Әдетте кворум қатысушылардың 50 %-нан көп болуы керек. 




Қазақстанда парламент пен Конституциялық кеңестің отырысына мүшелердің  ⅔-нен көбі баруға тиіс. Әйтпесе осы отырыста шығарылған шешім заңсыз деп есептеледі не жиналыс кейінге қалдырылады. 


Ал президент және парламент сайлауында кворум жоқ, яғни сайлаушылардың 1 %-ы дауыс берсе де, сайлау өтті деп есептеледі. Бұрын сайлауды заңды деп тану үшін оған сайлаушылардың жартысы қатысуы керек еді. Алайда бұл кворум 1998 жылы алып тасталды.


 


07/12/2020 14:52 4312 0

07/12/2020
14:52 4312 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление