Адам құқығы мен еркіндігін ұлықтайтын, әділетті заңдары бар мемлекет.
Құқықтық мемлекеттің белгілері:
— Мемлекет адам құқығы мен бостандығын ең жоғары құндылық деп біліп, қорғайды;
— Әділетті заң қоғамның барлық саласында үстемдік етеді;
— Барлық адам заң алдында тең;
— Сот тәуелсіз;
— Сөз бостандығы, ой еркіндігі.
Кез келген өзін құқықтық деп санайтын мемлекет іс жүзінде құқықтық бола бермейді. Конституцияда Қазақстан — құқықтық мемлекет және оның бар азаматы заң алдында тең делінген. Алайда «ҚР Бірінші президент — Елбасы туралы» конституциялық заңның 3-бабы бойынша, тұңғыш президентті, яғни Нұрсұлтан Назарбаевты ұстауға, тергеуге, қамауға алуға, оның және оның отбасының жеке меншігін тәркілеуге болмайды.
Пікірлер жоқ.