Шыңжаннан келген босқындар Қайша Ақан мен Мұрагер Әлімұлын біреулер соққыға жыққан

Құқық қорғаушылар бұл кездейсоқ шабуыл емес дейді


22/01/2021
10:27 46073 0

Фото: azattyq.org

 

21 қаңтарда Қытайдың Шыңжаң аймағынан келген Қайша Ақан мен Мұрагер Әлімұлын әлдебіреулер соққыға жыққан. Мұны Facebook-те журналист Инга Иманбай хабарлады

 

Қайша Ақан Алматыда тұрады. Біреулер оны дүкеннен үйіне қайтып бара жатқанда басынан ұрып, қылғындырып сүйреген.  

 

Ал Астанада (Нұр-Сұлтанда) тұратын Мұрагер Әлімұлын адамдар пышақтап кеткен. 

 

Құқық қораушылар екі босқын қазір ауруханада, халі ауыр екенін хабаралады. Олардың пікірінше, бұл кездейсоқ жасалған шабуыл емес. 

 

Бұл оқиғаны кездейсоқ жасалған шабуыл деп санамаймыз. Ескерту сипатындағы нәрсе. Оның ешқандай затын алмаған. Бүкіл құжаты өзінде. Қайша Ақанға бұған дейін қоқан-лоқы болған. Өзі отбасымен пәтер жалдап тұрады. Ол жаққа бөтен адамдар көп келіп, кейбірі Ақан жайлы сұраған. Қытайдағы туыстарына адам құқығының тапталуы жайлы айтпаңдар деп ескерту жасалған, — деген заңгер Гүлмира Қуатбекқызы «Азаттық радиосына». 

 

Қайша Ақан мен Мұрагер Әлімұлы 2020 жылдың күзінде Қазақстаннан босқын мәртебесін алған. 

 

2017 жылдан бері Шыңжаң аймағында 1 миллионнан астам ұйғыр, қазақ, қырғыз Қытай билігі «қайта тәрбиелеу орталықтары» деп атаған лагерьлерде өмір сүріп жатыр. Пекин осылай экстремизмге бейім халықты түзеп жатырмыз дейді. 19 қаңтарда АҚШ Қытайдың бұл саясатын геноцид деп атады.

 

Біз бұрын сол лагерьден қашып, Қазақстаннан пана сұрап, ала алмаған қазақ Сайрагүл Сауытбайдың хикаясын айтып бергенбіз.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

22/01/2021 10:27
46073 0

Уведомление