Билік пен оның күштік құрылымдарының қазіргі режимді сақтап қалу үшін жасайтын зорлық-зомбылығы. Латын тілінен аударғанда репрессия басып-жаншу және қысым көрсету дегенді білдіреді.
Билік, оның күштік құрылымдары пікірі, сенімі мен көзқарасы ұнамаған адамдарды:
Қазақстанда саяси қуғын-сүргін 1930-жылдары басталды. КСРО мен елдің компартиясын басқарған Сталин мен Голощекин «Алаш» партиясы өкілдерін, басқа да ақын-жазушыларды халық жаулары деп танып, түрмеге қамады, жұмысқа жекті, отбасын арнайы лагерьлерге (мысалы ГУЛАГ) қамады. Оларды Қазақстан үкіметі тәуелсіздік алғаннан кейін ақтады.
КСРО құлағанымен оның аумағына кірген елдерде репрессия әлі де бар. Беларусьте президент Лукашенко режиміне қарсы саяси белсенділер қудаланып жатыр. Ресейде оппозиционер Алексей Навальныйды босатуын талап етіп мыңдаған халық көшеге шықты. 5 мыңнан астам адамды полиция ұстап әкетті, олардың көбіне күш көрсетті.
Қазақстанда да митиңге шыққандарға, билікке қарсы сөз сөйлегендерге, оппозиция партия құрғысы келетіндерге қысым көрсетіледі. Біз бұрын елде партия құрғысы келетіндер мен митиңге шығатындар қандай қысым көретінін жазғанбыз. Оқи отырыңыз : )
Нет комментариев.