Сексизм

Адамдарды жынысына қарап алалау




Көбіне адамдар сексизмді тек әйелдерді алалау деп біледі. Олардың ойынша, ерлерге берілген «құқық» көп, сондықтан олар шеттетілмейді.  


Сексизмге мысал көп. Мәселен, "әйелдің міндеті — тек ана болу, ол көлік айдай алмайды", "ер адам балаға қарай алмайды" деген пікірлер.


Кейбір адам сексизмнің жақсы тұстары бар дейді. Мысалы, әйелді жақсы көріп, оны аялап, қамқор болады. Десе де, оған тең қарамай, оны тек «еркекке шабыт беретін», әлсіз бір адам деп санайды. Ішкі сексизм деген де бар. Мұндайда адамдар өз-өзін шеттейді. Мысалы, ер адам «мен еркекпін» деп жыламауға тырысады, психологқа бармайды.   


Сексизм — бұл тек таптаурын әзілдер емес, жыныстық зорлық-зомбылыққа, ұрып-соғу, жалақыны тең бермеуге әкеп соғатын бір мәселе. Сексизммен феминистер белсенді күресіп келеді.


 


04/09/2020 10:44 5787 0

04/09/2020
10:44 5787 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление