Лутиң

Ағылшынша loot — олжа, looter — ұрлықшы деген мағына береді. Нақты аудармасы жоқ. «Лут» сөзін видео ойындар ойнайтын адамдар жиі қолданады. Оларда лут — ойыншы жинайтын қазына. 




Бұл сөз биыл АҚШ-тағы нәсілшілдік өшпенділікпен өршіген жаппай тәртіпсіздіктер кезінде кеңінен тарады. Америкада лутер деп қақтығыстар мен наразылықтар кезінде дүкендерден зат алып қашқан адамдарды атай бастады. Әртүрлі мәлімет бойынша Штаттарда лутиңнің кесірінен 1–2 миллиард доллар шығын көрген. Бұл АҚШ сақтандыру жүйесіндегі ең ірі шығын болуы мүмкін. 


Лутиң мародерлік емес, себебі мародер — соғыс алаңында қаза тапқандар үстінен киім мен қымбат заттарды жинап алатын әскери адамдар. 


Лутиңді вандализммен салыстыруға болар еді. Бірақ вандалдар әдетте өнер және мәдениет нысандарын бүлдіреді. Лутиңді ұрлық не тонау деуге де келмейді — адам тонағанда айналадағыларға қатер төндіреді не күш қолданады, ал ұрлағанда біреудің затын білдіртпей алады. Лутиң жасағанда адам күзетсіз тұрған дүкеннен ешқандай қарысылық көрмей зат алып шығады. Әдетте дүкендер иесі олардың үстінен шағымданып, ұсталуын талап етпейді.


19/10/2020 12:22 4026 0

19/10/2020
12:22 4026 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление