Милитаризм

Әскерін дамытуға бар күшін салатын, оны жаппай қаруландыруға, ішкі және сыртқы мәселесін қарудың күшімен шешуге тырысатын режим.




Милитар мемлекетке тән белгілер:


— Әскер және қару-жарағымен басқа елмен сайысқа түсу;


— Мемлекет бюджетінің әскери шығынының артуы;


— Саяси мақсатта шет елдер мен өз аумағында толтырып әскери база салу;


— Басқа елдердің ішкі істеріне әскерін араластыру;


— Экономикаға әскери өнеркәсіп кешенінің үлкен ықпал етуі. 


Бұрын милитар мемлекеттер қатарына мыналар жатқан: Екінші дүниежүзілік соғыс алдындағы және кезіндегі Жапония мен Германия, Қырғи қабақ соғыс кезіндегі АҚШ пен КСРО. Қазір бұл тізімге АҚШ, Қытай, Солтүстік Корея кіреді.


15/04/2021 14:30 4017 0

15/04/2021
14:30 4017 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление