Хунта

Билікті күшпен басып алған әскерилер тобы. Негізінде хунта елде диктатура орнатады және террор тәсілдерін қолданады. 




Хунта сөзінің өзі испан тілінен шыққан. Ол — «одақ», «кеңесу жиыны» деген мағынаны білдіреді. 


1808 жылы хунта, Испанияның діни және жоғарғы элита өкілдері кеңесіп, Наполеонның үлкен ағасы Жозеф Бонапартты король етіп сайлаған. Бұның арты революцияға алып келді. Оны аймақтық хунталар басқарды. Әртүрлі хунталардың келіспеушілігінің салдарынан Испания азаматтық соғыс өртіне оранды. Терминнің өзі Испаниядан тыс аймаққа тарап, ол жағымсыз сипатқа ие болды. 


Тарихта ең танымал хунталар Аргентинада (1810, 1976-1982 ж.), Бразилия (1930 және 1969 ж.), Греция (1967-1974 ж.), Чили (1973-1990 ж.), Польша (1981-1983 ж.) болды.


Тарихта ең қанды хунта Чилидегі Аугусто Пиночет бастаған хунта болды. Ол ел басқарған 17 жылдың ішінде 3 мыңға жуық адам өлтірілді, із-түссіз жоғалып кетті. 28 мың адам (кейбір деректерде 40 мың адам) түрмеден, азаптау мен зорлық-зомбылықтан өткен. 


Кей кездері пропагандистер белгілі бір үкіметті жағымсыз көрсету үшін хунта сөзін қолданады. Мысалы, Ресейдің мемлекеттік медиасы Еуромайданнан кейін Украина билігіне қатысты осы терминді қолдануда.


 


12/04/2022 14:45 2957 0

12/04/2022
14:45 2957 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление