Меритократия

Латынша meritus («лайық») пен грекше kratos («билік») деген екі сөзден құралған. Тікелей аудармасы — билік етуге лайық адамдардың билігі. 




Меритократия деген — жоғары әрі маңызды лауазымдарда ең ақылды, қабілетті әрі білікті адамдар отыратын, олардың шыққан жері, тегі мен әлеуметтік статусы маңызды емес жүйе. 


«Меритократия» терминін алғаш рет 1954 жылы неміс-америкалық философ Ханна Арендт ойлап тапқан екен. Бірнеше жылдан кейін бұл түсініктің толық мағынасын ағылшын социологы әрі саясаттанушы Майкл Яң «Меритократия өрлеуі» деген кітапта ашып жазған. Яңның ойынша, қоғам билік пен интеллект үйлескенде дамиды екен: лауазым қаншалықты жоғары болса — оған соншалықты ақылды әрі білікті адам ие болуы керек. 


Меритократия биліктің байланыс, таныстық пен мұрагерлікпен берілуіне қарсы. 


Меритократияның оң тұстары: білікті басшылар қоғамды дамытады; жұмыста білім мен білік арқылы жоғары лауазымға жету ықтималы артады; интеллекті мен білігі жоғары адамдар жоғары саяси лауазымдарға ие бола алады.


Кем тұстары: адамның білігі мен білімін тексерудің әмбебап тәсілі жоқ; қоғам білімді, білімді емес адамдар деп жік-жікке бөлініп, теңсіздік пайда болады.


 


15/12/2020 14:51 7064 0

15/12/2020
14:51 7064 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление