Люстрация

Бұрынғы саяси жүйе өкілдерін мемлекет істерінен заңмен аластату.




Елде басқару режимі ауысқан кезде жаңа басшылар мемлекет аппаратын бұрынғы президенттің одақтастарынан не билікте болған партия өкілдерінен «тазартқысы келеді», әсіресе олардың жемқорлыққа қатысы бар немесе кезінде билікке заңсыз келген болса. Люстрация деген — осы процедура. 


Ол саяси жаңару әдісі ретінде Еуропада ХХ ғасырдың соңында пайда болды. Мысалы, 1993 жылы Чехия билігі коммунистер партиясын қылмыстық ұйым, оның мүшелерін Еуропа құндылықтарын, адамның құқықтары мен бостандығын бұзуға кінәлі деп танитын заң қабылдады. 


Люстрацияның бізге жақын мысалдарының бірі — Украинада 2014 жылы болған жағдай. Еуромайданға қатысушылардың бір талабы Виктор Янукович президент болып тұрғанда басшы лауазымында болған адамдардың мемлекеттік қызмет атқаруына шектеу қою болды. Соған байланысты жаңа президент «Билікті тазарту туралы» деп аталатын заң қабылдады. 


Люстрация мыналардан тұрады:


— бұрынғы жүйе өкілдерінің заң шығару және атқару органдарында, соттарда, күш құрылымдарында жоғары лауазымдарды иеленуіне тыйым салу;


— сыбайлас жемқорлыққа, адам құқықтарын бұзуға кінәлі шенеуніктерге қатысты қылмыстық іс қозғау;


— бұрынғы жүйе өкілдеріне берілген айрықша құқықтар мен жеңілдіктерді алып тастау;


— тәртіптік тексеру жүргізу;


— тиіспеушілік мәртебесінен айыру.


09/10/2020 14:06 4940 0

09/10/2020
14:06 4940 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление