Латын тілінен аударғанда қосымша тағайындау дегенді білдіреді.
Кооптация — халық сайлайтын органдарға жұрттың пікірін сұрамастан жаңа адамдар тағайындау, яғни мұндайда қосымша сайлау өтпейді, президент не өзге де лауазымды тұлғалар органдарға қалаған адамын қоя алады.
Кооптация тамыр-таныстық, жемқорлықты одан сайын қоздырады. Жетекші лауазымдағылар осы әдісті пайдалана отырып, айналасына тумасын, жақтастарын жинап алады. Непотизм өрши түседі, ал саяси бәсекелестік төмендейді.
Кооптацияға бұрын большевиктер партиясы төтенше жағдай болғанда жүгінетін. Негізі, олардың басшысын жоғары лауазымдағылар емес, төмен тұрғандар сайлайтын.
Қазан төңкерісінен кейін партия бұл әдістен бас тартып еді, бірақ іс жүзінде кооптацияның жаңа әдісін қолданып жүрді. Ол — бір кандидат қатысатын сайлау.
1991 жылғы 1 желтоқсанда ҚазақКСР-да президент лауазымы пайда болып, сайлау өткізілді. Оған бір ғана кандидат, кейін елді 30 жыл басқарған Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Бұрынғы президентке халықтың 98 %-ы дауыс берді.
Нет комментариев.