Виктимблеймиң

Ағылшын тілінің victim (құрбан, жапа шегуші) және blame (кінәлау) сөздерінің қосындысы. Виктимблеймиң — біреуден жәбір көрген адамды «бұған өзің кінәлісің» не «өзің бастадың» деп кінәлау.




Бұл терминді алғаш рет 1971 жылы Уильям Райан Blaming the Victim деген кітабында жазып көрсеткен. Ал оған дейін Теодор Адорно кейін виктимблеймиң деп аталған құбылысты фашизмнің салдары деп санаған.


Қазір әлеуметтік психологтар жапа шеккенді кінәлау — адамдардың «әділ өмірге» сенуінің салдары дейді. Әділ өмір — адам не істесе, сол өзіне кейін қайтып келеді деген сенім. 


Әйел зорланса не соққыға жығылса, адамдардың көбі қылмыскерді емес, әйелдің өзін кінәлайды: «зорланды ма, демек, ашық киінді не еркектің мойнына асылған, күйеуі/жігітінен/еркек туысынан таяқ жеді ме, демек, оған қарсы келген, еркек қараптан-қарап ештеңе істемейді» дейді. Қазақта тіпті «Тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді» деген сөз бар.


Виктимблеймиң зардап шеккен адам мен бүкіл қоғамға зиян келтіреді. Неліктен?


Қылмыскерді ақтайды.  


— Жәбір көрген адамның басынан өткенді жоққа шығарады, оның психологиясына қысым көрсетеді.


— Басқаларды қылмыс, соның ішінде зорлық-зомбылық жасауға үндейді. 


29/03/2021 15:28 4543 0

29/03/2021
15:28 4543 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление