Заңдылық

Қоғамдағы қатынастардың, кез келген іс-әрекеттің мемлекетте бекітілген құқық нормалары мен заңдарға сай болуы. Ол мемлекет пен ондағы органдардың, лауазымды тұлғалардың, азаматтардың құқық тәртібін қаншалықты ескеретінін көрсетеді.




Кең ауқымда бұл ұғым іс-әрекет заң талабына сай ма, жоқ па, соны білдірсе, құқықтану саласында ол — бірнеше критерий бойынша анықталатын термин.


Заңдылық өлшемдері:


— заңдар мен басқа да құқық нормалары бір-біріне қайшы келмеуі керек;


— елдің барлық өңірінде бірдей әрекет етуі керек;


— мемлекет мүддесіне қайшы келмеуі керек;


— адам құқығы мен бостандығына нұқсан келтірмеуі керек;


— барлық азаматқа тең мүмкіндік беріп, бірдей талап қоюы керек;


— ешқандай қылмысты, теріс әрекетті жазасыз қалдырмауы керек.


Қазақстанда заңдылықтың сақталуын полиция, прокуратура және арнаулы мемлекеттік органдар тексереді. Сонымен бірге Бас прокуратураға қарасты аумақтық құрылымдар жанында заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі жұмыс істейді.



26/10/2020 13:01 5652 0

26/10/2020
13:01 5652 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление